376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында 21 тарихи қорым жаңартуды қажет етеді

  • 502
  • UPD: 22:30, 12.01.2019

Маңғыстау өңірінде 21 тарихи қорым қайта жаңғыртудан өткізуді қажет етеді. Бұл жөнінде облыстық тарихи-мәдени қорық мамандары хабардар етіп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, ескерткіштердің көбі апатты жағдайда тұрған көрінеді. Бұл мәселенің көтерілгеніне бірер жылдың жүзі болды. Бірен-саран мекеме қызметкерлерінің ара-кідік өткізген тазарту сенбіліктері жеткіліксіз. Жәдігерлердің қасбетін әрлеп, қоршаулар орнатуға қомақты қаржы құю керек. Аймақтағы аудан әкімдіктеріне меценат азаматтардың көмегімен тарихи нысандарды қалпына келтіруді ұйымдастыру тапсырылды. Жалпы, Маңғыстау өлкесінде мемлекет қарауындағы 590 ескерткіш бар.

Марат Өтесінов, мемлекеттік тарихи-мәдени қорық директорының орынбасары:

- Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорық қызметкерлері жоспарға сәйкес жыл сайын мемлекет қарауындағы ескерткіштердің техникалық жағдайымен танысып отырады. Іссапар барысында жөндеуді қажет ететін нысандар тізім жасалды. Біз 2 жылдан бері жергілікті әкімдіктерге осы мәселені айтып келеміз. Алдағы уақытта жанашыр, жомарт азаматтар табылып, тарихи жәдігерлеріміз қайта түлейді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы