377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада мұздан жасалған туындылар байқауы өтіп жатыр

  • 272
  • UPD: 22:23, 12.01.2019
Астанада мұздан жасалған туындылар байқауы өтіп жатыр

Елордада алғаш рет мұздан жасалған көркем туындылардың халықаралық байқауы өтіп жатыр. Оған еліміздің және Қытай мен Ресейден келген мүсіншілер қатысуда. Қазақстан суретшілер одағы мен жергілікті әкімдік ұйытқы болған шара қала тұрғындарының айрықша назарын аударды.

Байқаудың ашылу рәсімінде сайыс шарты түсіндіріліп, қажетті әзірлік жүргізілді. Алдағы 4 күн бойы қатысушылар мұздан мүсіндер жасап, көпшілікті таң қалдыруы қажет. Ал 16 қаңтарда жеңімпаздар анықталып, ақшалай сыйақы беріледі.

Нұрлан Омаров, Есіл ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы:

- Мұз қалашығы шығыс ертегісі үлгісінде жасалады. Оны «Астананың 101 түні» деп атағымыз келеді. Яғни қатысушылар осы талапқа сай туындыларын жасауы қажет. Бұл ісіміз қала тұрғындары мен қонақтарына ұнайды деген үміттеміз. Сондықтан аудандық әкімдік шараны дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы