376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ әдебиетінің антологиясы 6 тілге аударылады

  • 416
  • UPD: 15:13, 14.01.2019
Қазақ әдебиетінің антологиясы 6 тілге аударылады

БҰҰ-ның 6 тіліне аударылатын қазақ әдебиетінің антологиясы әлемнің 70 мемлекетіне таратылады. Бұл осы тілдерде сөйлейтін 2 жарым млрд халық біздің төл әдебиетіміздің жауһарларымен сусындай алады деген сөз.

Оқулық кітапханаларға тегін беріледі. Ал, жинаққа поэзия мен проза жанрында қалам тербеген 60 автордың еңбектері енбек. Әр тілге кем дегенде 10 мың шығарма аударылады. Бүгін осы туындыларды тәржімалайтын мамандар Астанаға арнайы келді. Ондағы мақсат жинаққа шығармалары енген  ақын-жазушыларға туындаған сұрақтарын қойып, аударманы түпнұсқа мәтінге мейлінше жақындату. Сол арқылы көркемдік сапаны қамтамасыз ету.

Айта кетейік, бүгінде ағылшын, француз, орыс және испан тілдерінде жолма-жол аударма жұмысы аяқталды. Қазір қытай және араб тілдеріне аудару жұмысы жүріп жатыр. Игі бастама былтыр қолға алынды. Алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Рауан Кенжеханұлы, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры:

- Осы 6 үлкен тілдегі оқырманға біздің әдебиетті жеткізе алатын,  аударманы мейлінше сапалы орындай алатын осындай әріптестер іріктеліп солармен келісімге келген борлатынбыз. Қазіргі уақытта сол әріптестеріміз алғашқы мәтіндерін дайындап, авторларымен кездесіп алдарынан өтпекші. Өйткені аудармашының көңілінде де күпті осыны дұрыс түсіне алдым ба? Дұрыс жеткізе алдым ба ? деген сұрақтары бар. Осының барлығы алдағы 2-3 күнді пайдаланып, авторлардың бәрін жинап, аудармашыларды осында алып келіп, жеке-жеке кездесу өткізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы