387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


BBC One-ның телехикаясы «Хабар» арнасынан көрсетіледі

  • 628
  • UPD: 21:53, 14.01.2019

Британдық BBC One телеарнасы ұсынатын «Отверженные» телехикаясы енді Қазақстанда да көрсетіледі.

Режиссер Том Шенклэндтің кинотуындысын бүгіннен бастап әр дүйсенбі сайын кешкі сағат 22:30-да «Хабар» арнасынан көруге болады. 6 бөлімнен тұратын фильм Виктор Гюго жазған романның желісімен Бельгия және Францияда түсірілді. Ол ХІХ ғасырдың басында болған оқиғаларды баяндайды. Нан ұрлағаны үшін абақтыға қамалған басты кейіпкер Жан Бальжан түрмеден қашып, көп жылдар бойы инспектор Жаверден жасырынып жүреді. Сонымен бірге бой тасалап жүрген қашқын қайтыс болған Фантины есімді келіншектің Козетти атты қызын бауыр басып, оған бас-көз болады. Бұл оқиғалар 1832 жылы Парижде болған көтеріліспен тұспа-тұс келеді.

Хабар 24 телеарнасы