378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 25 жыл бойы жиналған суреттер көрмесі өтіп жатыр

  • 671
  • UPD: 23:16, 17.01.2019
Елордада 25 жыл бойы жиналған суреттер көрмесі өтіп жатыр

Астанада «Ежелгі. Өзекті. Майталман даралар» атты көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірегей шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы мен Pygmalion өнер галереясы бірлесіп ұйымдастырған. Көрермен назарына барлығы 45 туынды қойылды. Олардың қатарында ХХ ғасырдың басындағы Анри Матистің нәзік графикалық еңбектері және Пабло Пикассоның кескіндемесі мен графикасы бар. Бұдан бөлек Сальвадор Дали, Хоан Миро және Марк Шагал шығармалары арқылы ХХ ғасыр өнеріндегі сюрреализмнің пайда болуы және даму тарихымен танысуға болады. Сондай-ақ қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің көпшілік қауымға белгісіз туындылары да көрмеге қойылған. Бағалы суреттерге бай аталмыш коллекция 25 жыл бойы жиналған.

Хабар 24 телеарнасы