378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасында «Отверженные» телехикаясын әр дүйсенбі сайын көре аласыздар

  • 289
  • UPD: 21:31, 21.01.2019

Британиялық «BBC One» телеарнасы ұсынған «Отверженные» телехикаясын енді «Хабар» арнасының көрермендері де тамашалай алады.

Режиссер Том Шенклэндтің кинотуындысын әр дүйсенбі сайын кешкі сағат 22:30-да көруге болады. 6 бөлімнен тұратын фильм Виктор Гюго жазған романның желісімен Бельгия және Францияда түсірілген. Ол ХІХ ғасырдың басында болған оқиғаны суреттейді. Нан ұрлағаны үшін абақтыға қамалған басты кейіпкер Жан Вальжан түрмеден қашып, көп жылдар бойы инспектор Жаверден жасырынып жүреді. Бой тасалап жүрген қашқын қайтыс болған келіншектің қызын бауырына басып, оған бас-көз болады. Бұл оқиғалар 1832 жылы Парижде болған көтеріліспен тұспа-тұс келеді. Жан Вальжанның рөлін Доминик Уэст, инспектор Жавердің рөлін Дэвид Ойелоуо, Фантинаны Лили Коллинз сомдайды.

Хабар 24 телеарнасы