389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық сериалды 180 мемлекет сатып алуға дайын

  • 938
  • UPD: 21:33, 21.01.2019

«Қазақ хандығы» сериалын әлемнің 180 мемлекеті сатып алуға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тізімде берісі Қытай, арысы Латын Америкасының елдері бар. Бұл туралы фильмнің продюсері Арман Арсенов Мәскеуде өткен сериалдың көрсетілімі кезінде мәлімдеді. Туындының «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» деп аталатын бөлімі Третьяков галереясында көрсетілді. Онда Ильяс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы бойынша түсірілген тарихи сериалдың бірінші маусымы баяндалған. Қазір оның екінші кезеңі бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Айта кеткен жөн, бұл қазақстандық кинотуындылардың Мәскеудегі атақты мұражайда алғаш көрсетілуі емес. Мысалы, өткен жылы Шәкен Аймановтың «Әкелер жері» фильмі де осы жерде көпшілік назарына ұсынылған.

Арман Арсенов, продюсер:

- Латын Америкасы елдері фильмді көріп таң қалып, көп мақала жазды. Бізді «Тақтар ойынымен» салыстырды. Жалпы бұл дұрыс деп ойлаймын. Себебі, бұл кинотуындының ауқымы, түсірілімі, кейіпкерлердің киімі «Тақтар ойыны» сериалына ұқсайды. Тек жалғыз ерекшелік, бізде шын тарих, көшпенділер өмірі баяндалған.

Рүстем Әбдрәшев, режиссёр:

Жоғалтып алған мемлекетімізді осыдан 25 жыл бұрын қайтадан қолымызға алып отырмыз, Мәңгілік ел болуға үміттеніп отырмыз. Осының бәрі шын мәнісінде біздің тұғырын тауып берген жетістіктерге жету үшін тарихымызды реттейтін заман келді. Тарихымызды реттесек, өткен-кеткенімізді реттесек, болашақ бағытымызды реттеуге де, қай жаққа бұрамыз, қандай мемлекет боламыз сияқты сұрақтарға жауаптың бәрі сол өткен-кеткенде жатыр.

Хабар 24 телеарнасы