378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдың би ансамблі БАӘ-де жеңіске жетті

  • 267
  • UPD: 08:43, 22.01.2019
Петропавлдың би ансамблі БАӘ-де жеңіске жетті

Петропавл қаласының Sensitive би ансамблі Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен жарыста топ жарды.

Есту қабілеті төмен балалар он екі мүшесі сау 400-дей өнерпаздың арасында үздік атанып, Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Дубай қаласында өткен халықаралық сайысқа Қазақстан, Ресей, Кувейт, Италия, Үндістан, Түркия, Қырғызстан елдерінің өнерпаздары қатысып, өзара сынға түсті. Саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының түлектері нашар естісе де, әннің ырғағымен мүдірмей билеп шықты.

Ольга Роставщикова, спорттық бал биі ансамблінің жетекшісі:

- Залда отырған қатысушылар мен ұйымдастырушылар бізге қарап, орнынан тік тұра қошемет көрсетті. Сайысқа сау балалар қатысты. Сондықтан көпшіліктің бізге күмәнмен қарағаны рас. Бірақ бишілеріміз сенімді ақтап, ел намысын қорғап шықты.

Хабар 24 телеарнасы