378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған музыкалық әдеби кеш өтті

  • 399
  • UPD: 18:27, 24.01.2019
Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған музыкалық әдеби кеш өтті inform.kz

Мен жалындап өтемін. Дәл осындай атаумен Фариза Оңғарсынованың музыкалық әдеби кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астанадағы мемлекеттік академиялық филормония бұл шараны өткен жылдың қыркүйегінде жоспарға енгізіп, содан бері дайындық жұмыстарын жүргізген. Ақынның бірнеше өлеңіне ән жазылып, күй де шығарылған. Олар оркестрдің сүйемелдеуімен көпшілікке таныстырылды. Бұған қоса, Фариза Оңғарсынованың жыр шумақтары оқылып, жиналғандарға керемет әсер сыйлады.

Айтқали Жайымов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Біз енді биылғы жылды осы шарамен бастадық. Бұл енді Президенттің «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы аясында өткізіп жатқан дүниеміз ғой. Ұлыларды ардақтау, зерттеу, шығармашылығын дәріптеу деген мақсатымыз бар.

Дәулеткерей Кәпұлы, Қазақстан жазушылар одағы астана қалалық филиалының директоры:

- Біздің қазақ әдебиетіндегі қыздар бейнесі Фариза апамыздан көрінеді. Сондықтан қазақ халқының өлең дейтін ғұмырлы шығармашылығы барда, ақынның шығармашылығы өлмек емес. Жылдар бойы, ғасырлар бойы насихатталуы керек.

Хабар 24 телеарнасы