378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірқатар мәдениет қайраткеріне мемлекеттік стипендия табысталды

  • 496
  • UPD: 22:14, 25.01.2019

Алматыдағы «Достық» үйінде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мәдениет және өнер қайраткерлеріне Елбасының 2018 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын табыс етті.

577 мың теңге көлеміндегі сыйақыға әдебиет, кино және театр, музыка саласында шығармашылық жетістікке жеткен 75 адам ие болды. Олардың қатарында Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Бибігүл Төлегенова сынды мәдениет және әдебиет майталмандарымен қатар Самал Еслямова, Аян Өтепберген, Анар Әбжанова сияқты жас буын өкілдері де бар. Гүлшара Әбдіқалықова салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтап, мемлекеттік стипендияның тапсырылуы еліміздің мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлестеріне берілген жоғары баға екенін жеткізді.

Аян Өтепберген, актер:

–Мен үшін бұл – бақыт және де жауапкершілік. Үлкен жауапкершілік. 2019 жылы қазақ жастарына елімізді әлемге танытуға, өзін өзі көрсетуге үлкен мүмкіншілік туып отыр.

Хабар 24 телеарнасы