377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «Equus: Жылқының тарихы» деректі фильмінің көрсетілімінде болды

  • 583
  • UPD: 22:07, 25.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық коммуникациялар қызметінің жаңартылған баспасөз орталығының жұмысымен танысты.

Аталған медиа алаң – «Қазмедиа орталығы» технологиялық кешенімен толық біріктірілген әрі соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған.

Мұнан кейін Мемлекет басшысы «Equus: Жылқының тарихы» атты деректі фильмнің екінші бөлімінің көрсетілімін тамашалады. Аталған туынды Қазақстан аумағында түсірілген. Оған отандық суретшілер, әртістер, каскадерлар мен безендірушілер жұмылдырылған. Жылқының алғаш Қазақстан жерінде қолға үйретілгенін аңғарту үшін түсірілім тобы заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланған. Олар ежелгі мәдениеттің әр кезеңін қамтымақ. Деректі фильм биылғы жылдың наурыз айында 50 елдің ұлттық телеарналарында көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы