378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бабалар ізімен» экспедициясы Израильде

  • 377
  • UPD: 09:45, 29.01.2019

«Бабалар ізімен» экспедициясының сапары Израильде жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы қазақстандық ғалымдар Иерусалимде зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Мұнда олар қасиетті қаланың тарихымен, сондай-ақ оны мәмлүктер билеген дәуірден сыр шертетін деректермен таныспақ.

Израильдегі қасиетті қаланың бірі - Хеврон. Шаһар Иерусалимнен 30 шақырым жерде орналасқан. Бұл жер патриархтар жерленгендіктен киелі саналады. Ибраһим, Исхак, Жақып пен олардың әйелдері де осында қойылған. Монумент бұдан 2 мың жыл бұрын салынған. Осы уақыт ішінде ғимарат бірнеше мәрте қолдан қолға өтіп, әркімнің иелігінде болады. XIII ғасырда мұнда Сұлтан Бейбарыс келеді. Оның бекіткен ережелері 700 жылға дейін сақталған.

Рафи Касимов, тарихшы:

1263 жылы Бейбарыс әскерімен осында соғады. Бұл жерді көргеннен кейін мұнда мұсылмандар да, христиандар да, еврейлер де ешқайсысы аяқ баспасын деп бұйрық берген деседі.

Бейбарыстың крест жорықшыларымен шайқасы өте сәтті өткен. Ол бекіністерді бірінен соң бірін алып, Таяу Шығысты босатады. Ғалымдардың айтуынша, мұндай жетістікке ол нақты шешім қабылдай алуының арқасында қол жеткізген. Сондай-ақ сол кездегі жақсы дамыған пошта жүйесі де оң әсерін тигізеді.

Катя Ситрин-Сильверман, тарихшы

Дер кезінде хабар алмасу жүйесін мәмлүктер өте жоғары деңгейге көтерген. Бірнеше шақырым сайын пошта ғимаратын салған. Хат жіберуге көгершіндерді де пайдаланған. От жағып та белгі берген. Сонымен қатар мәмлүктер сұлтанына Каирде қар мен мұз қажет болады. Оны Ливан тауларынан жеткізіп, сусындарды салқындату үшін қолданған.

Мәмлүктердің Иерусалимдегі ғибадатхананың сақталуына және оның қайта қалпына келтіруге қосқан үлесі зор. Мұнда мұсылмандар үшін аса қасиетті бірнеше орын бар. Әсіресе, Әл-Ақса мешітінің маңызы ерекше. Ол Мекке мен Мединадан кейінгі ғибадат ететін қасетті орын саналады.

Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» экспедициясының жетекшісі:

Мечеть аль-Акса в VII-VIII веках возвели арабы. С приходом крестоносцев это место превратили во дворец для короля. Но в 1187 году Саладин изгнал крестоносцев и реконструировал здание. После него за обустройство комплекса взялись наши предки - мамлюки. Они построили новые объекты и покрыли купол мечети «Кубат ас-Сахра» золотом.

Алтын күмбезді мешітті Иерусалимнің кез келген жерінен көруге болады. Бұл сәулет өнерінің үздік туындысы адамзатты күні бүгінге дейін таңғалдырып келеді. Мәмлүктер тұсында киелі орын барынша күтіп ұсталған. Оған қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

Мизиру Яхья, тарихшы:

- Жоғарғы жағы 1 миллиардқа жуық ұсақ ою-өрнекпен безендірілген. Бұл Сұлтан Бейбарыстың тұсында жасалған. Ол Әл-Ақса мешітіне жөндеу жүргізіп, осы маңда 35 мешіт салғызған.

Мәмлүктер Храм тауының жан-жағына түгелдей құрылыс жүргізеді. Оған дәлел ондағы сәулеті ерекше көрікті ғимараттар әлі күнге дейін сақталған. Енді «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Иерусалимдегі әр нысанды назарға алып, зерттеу жүргізбек.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Самат Бекбатыров

Хабар 24 телеарнасы