378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Димаш Құдайберген Астанада концерт береді

  • 362
  • UPD: 14:50, 29.01.2019
Димаш Құдайберген Астанада концерт береді tengrinews.kz

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген жастар жылы аясында елордада жеке шығармашылық кешін өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Концерт Астана күніне орай ұйымдастырылмақ. Бұл туралы әншінің өзі баспасөз мәслихатында хабарлады. Бұл музыкалық шоу мыңдаған өнерсүйер қауымды Астана төрінде жинамақ. Оған арнайы шетелден де қонақтар келеді. Олардың қатарында қарапайым көрермендерден бастап жаһанға танымал жұлдыздар да болады деп жоспарланып отыр. Концертте қазақтың халық әндері, қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары, сонымен қатар Димаштың авторлық туындылары орындалады. Қазір Димаш 22 наурызда Мәскеудің Кремль сарайында өтетін концертіне қызу дайындық жүргізіп жатыр. Сондай-ақ жақында оның алғашқы жеке альбомы шығады. Ал әнші өз Отанында болатын шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтеді деген сенімде.

Димаш Құдайберген, әнші:

- 2017 жылы Бастау деген Қазақстандағы үлкен концерттік жобамды ұсынған болатынмын. Енді сіздерге деген махаббатпен, сіздерге деген сағынышпен міне, осы жазда «Астана Аренада» үлкен концертімді назарларыңызға ұсынбақпын.

Хабар 24 телеарнасы