388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Стокгольм кітапханасында қазақ тілінде 200-ден аса кітап бар

  • 1173
  • UPD: 15:18, 31.01.2019

Осыдан бір жарым жыл бұрын Қазақстанның ұлттық академиялық кітапханасы тарихи, көркем, балалар мен оқу-методикалық басылымдарды сыйға тартқан еді, деп жазады «Хабар 24».

Арасында Ілияс Есенберлин, Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырзалиев пен өзге де белгілі қазақ жазушылары мен ақындардың туындылары бар. Ұлы дала данышпаны Абайдың шығармашылығы және қазақ батырлары туралы дастандармен таныстыратын кітаптармен қатар еліміздің тарихы мен мәдениеті және қазіргі дамуын баяндайтын басылымдар орын алған. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, қазақ кітаптарына сұраныс көп. Оны тек қазақтар ғана емес, өзге ұлттардың өкілдері де оқиды екен.

Кидано Бесрат, Стокгольм халықаралық кітапханасының қызметкері:

- Осыдан 18 жыл бұрын ғана құрылған кітапханамызда әлемнің 115 тілінде басылған кітаптар бар. Қазақ тілінде 200-ге жуық кітап бар, оның ішінде жаңа туындылар көп. Оны Швецияда тұратын қазақтар оқиды. Негізінен жастар, студенттер, бірақ кейде егде жастағылар да алып жүргенін байқаймын.

Ченг Ю, Қытайдан келген студент:

- Маған елдеріңіздің тарихы мен көшпенділер мәдениеті өте қызық. Қытайдың кейбір бөліктерінде де ұқсас тұстары бар сияқты. Өмірімде Қазақстанда болып көрмегенмін, бірақ мәдениеттеріңізді зерттегім келеді. Заманауи қалаларыңыз бар, ал ауылдарыңызда ежелден жылқы мен өзге де жануарларды қолға үйреткен адамдар тұрады. Қазақстанда дүниеге келген белгілі қытай ақыны Ли Бай елдеріңіздің табиғатын өте әсем бейнелеген. Сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы бойынша экономикалық ынтымақтастығымыз дамып келеді. Болашақта Қазақстанға барғым келеді.   

Хабар 24 телеарнасы