378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана – ән қанатында» байқауы басталды

  • 449
  • UPD: 22:53, 01.02.2019
«Астана – ән қанатында» байқауы басталды

Байқау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шараны №1 өнер мектебі Астана қаласы білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Оған 54 жалпы білім беретін мектептің 9-14 жас аралығындағы оқушылары қатысты. «Байқау эстетикалық талғамды дамытуға мүмкіндік береді. Болашақта біздің балалар өздерінің жетістіктерін қалалық және республикалық жарыстарда ғана емес, халықаралық ән фестивальдерінде де көрсете алады», – деп атап өтті №1 өнер мектебінің директоры Фархад Сабиев.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Қазылар алқасы нөмірлерді бірнеше негізгі критерий бойынша, соның ішінде вокалдық орындау шеберлігі, көркемдік қойылымы, сахналық костюмы бойынша бағалайды.

Хабар 24 телеарнасы