378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Ресейде талқыланды

  • 625
  • UPD: 08:36, 02.02.2019

Тарихшылар келіспей, саясатшылар да келісімге жете алмайды.

Осындай айдармен Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде «Ұлы Дала: Түркілердің тарихи мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Екі елдің белді түркітанушылары, тарихшылары мен филологтар Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресей сарапшыларының пікірінше, бұл мақаланың Еуразия халықтарының мәдени мұрасын сақтауда маңызы зор. Қазақстандық тарихшылар «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында үлкен еңбек атқарылғанын атап өтті. Ал «Архив-2025» жобасы қазақ тарихының ауқымды зерттеуінің жалғасы болмақ. Ресей ғылым академиясының шығыстанушылар қоғамының вице-президенті, профессор Дмитрий Васильев Шығыстану институтында тарихи мұра мен мәдени әрекеттесудің бірлескен ғылыми зертханасын құруды ұсынды.

Дмитрий Васильев, РҒА шығыстанушылар қоғамының вице-президенті:

– Нұрсултан Назарбаев ұсынған мақала мен жобаның Ресей түркітанушылары үшін қандай мәні бар екенін айтқым келеді. Кең байтақ жерді мекендейтін бүкіл халықтар үшін осы мұраның маңызы өте зор. Мақала дер кезінде шықты, тіпті біз оны бұрыннан күттік деуге болады. Себебі ғасырлар бойы қалыптасқан мұрадан айырылу қауіпі бар. Оны мұқият сақтау қажет.

Берік Абдығалиұлы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы:

– «Архив-2025» бағдарламасы басталып жатыр. Қазір Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім министрлігі осыған байланысты Ресейің архив қорында қандай құжаттар бар, сол туралы ақылдасып, шамамыз келгенше осы жердегі әріптестерімізбен бірігіп, олармен ортақ жобаны атқарсақ па деген оймен осы жиынға келіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы