378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық экспедиция Израиль мен Палестинаның қасиетті жерлерін аралап өтті

  • 311
  • UPD: 21:33, 02.02.2019
Қазақстандық экспедиция Израиль мен Палестинаның қасиетті жерлерін аралап өтті

Қазақстандық зерттеушілер Таяу Шығыс елдеріне саяхатын жалғастыруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Израильде болған жерлестеріміз ат басын Палестинаға да бұрды. Сапар Ысқақов бастаған «Бабалар ізімен» экспедициясы қасиетті жерлерді аралап, ата-бабаларымыздың мұрасын зерттеді.

Иудей шөлінің ортасындағы ақ күмбезді бірнеше шақырымнан көруге болады. Бір қарағанда, бұл шағын елді мекен сияқты. Шын мәнінде, мұнда ең ұлы пайғамбарлардың бірі – Мұса жерленген. XIII ғасырда Сұлтан Бейбарыс осы аймаққа келіп, қабір маңына үлкен кешен салуды тапсырған деседі.

Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» экспедициясының жетекшісі:

- Мұса пайғамбардың жатқан жері Иерихон қаласынан 5-6 шақырым жер. Ал Иерусалимнен 15 шақырым жерде. XIII ғасырдың басында Сұлтан Бейбарыс Мұса пайғамбардың басына келіп, жатқан жерін көріп, осы араға үлкен құрылыс жасау керек екенін басына белгі қойып, қорған салып, құрылыс жүргізуге бұйрық береді.

Бұл ғимараттың қабырғалары Иерусалимнің бүкіл тарихын суреттейді. Дәуіт пайғамбардың қорғаны біздің дәуірге дейін 2 ғасырда салынған. Бекініс бірнеше рет қирап, қайта тұрғызылды. Қыпшақ-мәмлүктер осында мұнара салған, дейді тарихшылар. Қазір, өкінішке қарай, ол ішінара ғана

Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» экспедициясының жетекшісі:

- Қазір біздің тұрған жеріміз - Дәуіт пайғамбардың қорғаны, соның мұнарасы. Үлкен мұражай қылып, туристерге дайындаған. Сақталып қалған.

Бұл бөлме бүкіл әлемге танымал. Аңыз бойынша дәл осы жерде жасырын кештер өткен көрінеді. Тарихшылар қыпшақ-мәмлүктер ғимаратты қайта жөндеуден өткізгенін жоққа шығармайды. Қазақстандық экспедиция Израиль мен Палестинаның барлық қасиетті жерлерін аралап өтті. Дегенмен, саяхат әлі де жалғасады. Жерлестеріміз баратын ендігі тарихи мекендер туралы келесі жолы айтатын боламыз.

Авторлары: Ернур Досжанов, Самат Бекбатыров

Хабар 24 телеарнасы