378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эстрада әншілері Жастар жылына қолдау білдірді

  • 295
  • UPD: 15:29, 04.02.2019

Елімізде алғаш рет қазақ тілінде сахналанған әйгілі Нотр-Дам де Пари мюзиклі алдағы үш жыл бойы түркітілдес бірнеше мемлекетте қойылады. Жастар театры да бұл үрдістен тыс қалмай, мюзикл жанрын дамытуға үлес қоспақ.

Бұл туралы бір топ жас эстрада жұлдыздары қатысқан баспасөз мәслихатында айтылды. Басқосуға қатысқан әншілер өткен жылғы шығармашылық жұмыстарын қорытындылап, биылғы жастар жылына қолдау білдірді. Алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Ернар Жұматаев, Жастар театрының директоры:

- Жастар театры жастар жылында көптеген жоспрарларды қолға алып жатыр. Әсіресе мюзикл жанрын. Қарақыпшақ Қобыландыны қолға алып, мюзикл жанрын тарту етсек деген ниетіміз бар. Тек қан Қазақстанға ғана емес, Азия, Еуропа елдеріне әдемілеп көрсету мақсатында дайындық үстінде.

Хабар 24 телеарнасы