378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабарда» «Отверженные» телехикаясының жаңа бөлімі көрсетіледі

  • 428
  • UPD: 17:14, 04.02.2019
«Хабарда» «Отверженные» телехикаясының жаңа бөлімі көрсетіледі

Бүгін «Хабар» арнасында «Отверженные» телехикаясының кезекті жаңа бөлімі көрермен назарына жол тартады.

Белгілі режиссер Том Шэнклендтің кинотуындысын сағат 22:30-да көре аласыздар. 6 бөлімнен тұратын фильм Виктор Гюго жазған романның желісімен Франция мен Бельгия елдерінде түсірілген. Классикалық әдеби картина ХІХ ғасырдың басында болған оқиғаны суреттейді. Нан ұрлағаны үшін түрмеге тоғытылған Жан Вальжан абақтыдан қашып, көп жылдар бойы инспектор Жаверден бой тасалап жүреді. Жасырынып жүрген қашқын дүниеден өткен келіншектің қызын бауырына басып, оған бас көз болады. Бұл оқиғалар 1832 жылы Парижде болған көтеріліспен тұспа-тұс келеді. Жан Вальжанның рөлін Доминик Уэст, ал инспектор Жавердің рөлін Дэвид Ойелоуо, Фантинаны Лили Колинз сомдайды.

Хабар 24 телеарнасы