378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Профессор: Көне Жібек жолындағы қазақ даласының тарихи орны зор

  • 311
  • UPD: 23:33, 04.02.2019

Азия мен Еуропаның ортасында көпір болып, географиялық орналасуы жағынан қос өркениетті жалғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының профессоры Хуан Чжунсян осылай дейді. Зерттеуші «Қытайдың көптеген бұйымдары Ұлы дала арқылы кәрі құрлыққа жеткізілді, ал бидай, қарбыз, жүзім сияқты жемістер Парсы жағалауынан қазақ жері арқылы Шығыс Қытайға әкелінген» деп отыр. Сол кезде Қазақстан территориясы ұлы батыс пен шығыс өркениетін жалғап қана қоймай, өзіне тән мәдениеттің де таралуына сеп болды. Мәселен, қытайлардың «Сона» деген музыкалық аспабының шығу тарихы сырнаймен байланысып жатқанын айтады.

Хуан Чжунсян, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының профессоры:

- Мысалы, қазіргі «Арху» (қос аспап) тартатын. Арху негізінен Еуропадан келген. Бұл да негізінен қазақ даласынан қобыз арқылы осы шығысқа қарай дамыған. Міне, бұл музыка. Кейбір біздің биіміз де осылай. Мәселен, Таң хандығы кезіндегі біз ойнаған кейбір билерімізді қарасаңыз, Орта Азияның немесе оның арғы жағы парсыларға ұқсап кетеді. Бұл осы қазақ даласы арқылы шығысқа қарай таралып келген.

Осылайша Еуразия құрлығының дәл ортасындағы Қазақстан ежелден түрлі өркениеттердің дәлізі болып, ел мен елді жалғады. «Сауда-саттық, мәдени, әдеби алмасулардың алтын көпірі іспеттес болды», – дейді қытайлық сарапшы. Хуан Чжунсян 1979 жылдан бері «Қазақтың батырлық эпостары және оның дала мәдениеті», «Қазақтың ғашықтық жырлары», «Қазақ жырауларының жасампаздық ерекшелігі» сияқты тақырыптарда 200-ден астам ғылыми мақала жариялаған.

Хабар 24 телеарнасы