378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұқағали Мақатаевтың мұрасы ұлықталды

  • 458
  • UPD: 13:23, 06.02.2019
Мұқағали Мақатаевтың мұрасы ұлықталды

Талдықорғанда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жауһар жырлары ұлықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілдер сарайында өткен шығармашылық байқауға студенттермен қатар оқушылар да қатысты. Барлығы 30 шақты өрен өрелі өлеңнен өрнек тоқыды. Сондай-ақ белгілі дарын иесінің өмірінен театрландырылған үзінді келтіріп, көрерменді ұйытты. Ұйымдастырушылар тағылымды шара мұзбалақ ақынның ұлттық әдебиетке қосқан үлесін одан әрі айшықтай түсетіндігін айтады.

Айша Аманбекқызы, байқауға қатысушы:

- Маған Мұқағали атамыздың шығармалары өте қатты ұнайды. Мысалы, Отан туралы, көктем туралы, болашақ туралы. Мен болашақта Мұқағали атамыз сияқты Отанға деген, анама деген махаббатымды жырлап, жеткізгім келеді.

Туғанай Рахымберлина, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы:

- Жырсүйер қауымға, әсіресе, жастар арасында әдебиетті сүюге және өлең құдіретін бағалай білуге және рухани азық ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы