375,95 426.6 5.7
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы The World's Best шоуында өнер көрсетті

  • 319
  • UPD: 15:26, 06.02.2019

Димаш Құдайбергеннің The World's Best («Әлемнің үздіктері») шоуында айтқан әнінің тизері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандық әнші Қытайдағы I'm A Singer байқауында айтқан S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады. Сарапшылар Димаш Құдайберген ән айтып жатқанда орнынан тұрып, қол шапалақтаған.

«Сен The World's Best шоуының құрылуына себепшісің», - деді судьялардың бірі, актер Ру Пол Андре Чарльз.

Айта кеткен жөн, бұл байқауға қазақстандық әнші қыз Данэлия Төлешова да қатысты.

Қазақстандық әншілердің көрсеткен өнерін Астана уақыты бойынша ертең, 7 ақпанда сағат 6.00-де көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы