389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Ресей театрлары тәжірибе алмасады

  • 990
Қазақстан мен Ресей театрлары тәжірибе алмасады

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры мен «Астана Балет» театрлары Ресейдің Үлкен театрымен тәжірибе алмасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос тарап осы мақсатта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат екі елдің мәдени байланысын арттыруды көздейді. Астанаға келген Үлкен театрдың басшысы «Евгений Онегин» спектаклінен алған әсерімен бөлісті. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі:

– Бүгін біз Ресейден келген меймандармен бірге ұлттық хореография академиясы мен «Астана Балет» театрында болдық. Нәтижесінде театрлар арасында қарым-қатынасты арттыру жөнінде шешім қабылдадық. Алдағы уақытта театр өнері қарқын алады деген сенімдемін.

 

Хабар 24 телеарнасы