378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Берлинале» фестивалінде қазақ киносының кеші өтті

  • 284
  • UPD: 15:28, 10.02.2019

Берлинде өтіп жатқан «Берлинале» атты халықаралық кинофестивалінде қазақ киносының кеші өтті. Осыдан 30 жыл бұрын дәл осы жерде қазақстандық режисер  Рашид Нугманов «Игла» атты филімін ұсынған болатын. Ал алты жыл бұрын Эмир Байгазиннің фильмі «Күміс аю» жүлдесіне ие болған.

Осы жолы қатысушылар қазақстандық киноның дамуына Берлин кинофестивалінің алатын ролінің ерекше екенін атап өтті. Шараның басты қонағы болып келген режиссёр Рашид Нугманов Қазақстандағы кине-маторгафия, оның ішінде әсіресе тәуелсіз кино қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Айтуынша, 2018 жылы 50 толық метражды картина жасалды. Рашид Нугманов бүгінде екі жобамен айналысуда. Оның бірі заманауи көркем фильм, ал екіншісі тарихи сериал екені белгілі болды.

Рашид Нугманов, режиссёр:

- Бүгінде Қазақстанда кино саласының дамуы қарқын алып келеді. Елімізде көрермендер негізінен қазақстандық кинотуындыларға қызығушылық танытады, әрі ұнатып көреді. Бұл керемет ұстаным. Ал Берлиндегі айтулы кинофестивальға дүниежүзілік кинематография саласының мықтылары жиналды. Мамандар  картиналарды қарады, тәжірибе алмастық. 

Галина Нуртазинова, Қазақстан-герман қоғамының директоры:

- Қазақстандық киноның болашағы да кеңінен талқыға түсті. Рашид Нугманов та белсенді қатысты. Қызу талқылау кезінде неміс көрермендері мен мамандары Қазақстанды одан әрі таныды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы