375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Димаш Құдайберген клип түсіру үшін Испанияға аттанды

  • 658
  • UPD: 11:54, 11.02.2019
Димаш Құдайберген клип түсіру үшін Испанияға аттанды © instagram.com

Димаш Құдайберген кезекті клипін түсіру үшін Испанияға аттанды.

Бұл туралы Димаш өзінің Инстаграм парақшасында жарияланды.

«Любовь уставших лебедей» әніне клип түсіру үшін Испанияға ұшып барамын», - деп жазды әнші.

«Әрине, әнші үшін жақсы композиторлармен жұмыс жасау өте маңызды болып табылады. Осы орайда, менің мансабымда, шығармашылық өмірімде жақсы композиторлар кездесіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі уақытта біз Игорь Крутоймен жақсы музыкалық тандем болып жүрміз. Ол кісінің кәсіби тұрғыдағы біліктілігі, музыкадағы білімі туралы ұзақ әңгіме айтуға болады. Өйткені ол Паворотти, Лара Фабиан, Дмитрий Хворостовский секілді әлемдік композиторлармен жұмыс жасаған білікті өнер иесі. Қазіргі таңда Крутойдың шығарған бірнеше туындылары менің репертуарыма еніп отыр», - деген еді Димаш Құдайберген ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Хабар 24 телеарнасы