378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысындағы Көгез этноауылына экскурсиялар ұйымдастырылады

  • 274
  • UPD: 20:44, 11.02.2019

Маңғыстау облысындағы Көгез этноауылына биыл мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсиялар ұйымдастырылады. Яғни жазғы демалыс уақытын жеткіншектер киіз үйде өткізіп, ұлттық бұйымдар мен тағамдарды әзірлеу тәсілдерімен таныса алады.

Сондай-ақ салт атпен Шерқала, Қаратау жоталарын аралап, құсбегілік өнердің қыр-сырын меңгереді. Игі бастама «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жүзеге аспақшы. Осы өңірге алыс-жақын елден келетін туристер де қазақ халқының ежелгі тұрмыс-салтымен етене танысуға мүмкіндік алады. Айта кетейік, былтыр Көгез этоноауылына 1200 турист барған. Биылғы көрсеткіш бұдан екі есе жоғары болады деген болжам бар. 

Евгения Слюсарева, Көгез этноауылының директоры:

- Көгез этноауылы 2016 жылы Маңғыстау ауданында ашылды. Таулы-тасты елді мекен жанынан жер телімі арнайы таңдалып алынды. Ол кезеңде өңірге жақын елдерден туристер көп келді. 2017 жылы 700-ден астам, былтыр 1200 турист этноауылға аялдады. 15 киіз үйіміз бар. Барлық жағдай жасалған. Бес киіз үйге еуропалық меймандар үшін ас үстелдері қойылған. Қалғаны дөңгелек жер үстел, ұлттық үлгідегі жиһаздармен қамтылған. Биылғы жазда балалардың келуіне дейін бассейн орнатуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы