378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түрколог ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің туғанына 75 жыл

  • 292
  • UPD: 15:26, 12.02.2019

Небәрі 48 жыл ғана өмір сүрген ғалым түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің дамуына өлшеусіз үлес қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыда өткен ғалымның еңбектеріне арналған ғылыми басқосуда Венгриядан, Ресейден, Қырғызстаннан келген ғалымдар құнды естеліктерімен бөлісті. Әлемнің 30 тілінде еркін сөйлеп, жаза білген Иштван Қоңыр әке аманатымен қазақ жеріне келіп, өзінің тегін зерттеп тауып, түркологияның жаңа бағытта дамуына үлес қосқан. Мажарстан мен Ұлы даланың арасында көпір болған ғалым өмірлік серігі Оңайшамен бас қосып, өмірінің соңына дейін Алматыда тұрған. Ғалым аманатымен Кеңсайда жерленген.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

- Иштван Қоңыр Мандоки еуроцентристік көзқарасқа балама ретінде қазіргі түркологияның тууына және біздің елдеріміздің азаттық алуына үлкен рухани үлес қосқан тұлғалардың бірі деп ойлаймын. Сондықтан Елбасымыз айтқан Ұлы даланың тұлғалары қатарына осы Қоңыр ағамызды жатқызуға болатын шығар.

Юлай Шәмілұлы, Назарбаев университеті қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі:

- 1979 жылы бірінші рет Иштван Мандоки Қоңырмен таныстым. Ол өмірін түркітануға, түркі халықтарын зерттеуге бағыттаған еді. Оның үйіне барсам, кітап толы. Ол да артық кітабын маған сыйлады.

Хабар 24 телеарнасы