378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Айка» фильмінің тұсаукесері өтті

  • 268
  • UPD: 12:35, 13.02.2019

Қазақстандық көрермендерге бұл картинаны режиссер Сергей Дворцевоймен басты рольді сомдаған актриса, Канн кинофестивалінің лауреаты Самал Еслямова таныстырды.

Жерлесіміз премьера алдында тағы бір марапатқа ие болды. Дәлірек айтқанда, өнер иесі «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

Айта кету керек, «Айка» кинокартинасы үздік шетел фильмі номинациясы бойынша «Оскар» киносыйлығының шорт-лист тізіміне енді. Бұл туынды Мәскеуде еңбек етіп жүрген қырғызстандық мигрант қыздың өмірін баяндайды.

Хабар 24 телеарнасы