389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ескерткіштерді есепке алу ережесі өзгереді

  • 961
  • UPD: 15:36, 13.02.2019

Археологиялық ескерткіштер табылған сәтте, оны бірден тарихи-мәдени мұра ретінде тану тәжірибесі тоқтауы мүмкін.

Бұл туралы еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Бүгін ведомство басшысы Мәжіліс депутаттарына тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы заң жобасын таныстырды. Құжатта мәдени мұраларды есепке алу және тізімнен шығару мәселелері бойынша нақты қадамдар айқындалған. Сонымен қатар ескерткіштерге археологиялық жұмыс жүргізу тәртібін бақылау, регламенттеу шарттары қарастырылған. «Ең басты бағыттың бірі – қара археологияның жолын байлау», – дейді сала басшысы. Өйткені осындай зерттеу жұмыстары көптеген жәдігерлердің жоғалуына жол береді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР мәдениет және спорт министрі:

- Тарихтан белгілі, біздің қорғандарымыз ресми түрде тоналды. Шынын айтақнда, қазір де бұл жағдайды толық бақылауға ала алмай отырмыз. Өткені археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру талаптары өте оңай. Осы заң жобасында археологиялық топ құрамында ғылыми маман болуы керек деген шарт қойдық. Қазір бізде бір ғылыми маман бірнеше археологиялық топтың тізімінде жүр. Оның үстіне бізде қазба табылғаны бақыланбайды. Сондықтан табылған жәдігерлердің қайда, қалай кетіп жатқанын білмей қаламыз. Заң жобасы осы олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы