375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ұлы даланың көне сарындары» музыка фестивалі Павлодар өңірінде жалғасты

  • 333
«Ұлы даланың көне сарындары» музыка фестивалі Павлодар өңірінде жалғасты

Елімізде бастау алған «Ұлы даланың көне сарындары» музыка фестивалі Ертіс-Баян өңірінде жалғасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының сахнасында танымал өнер саңлақтары өнер көрсетті. Олар өшкелі тұрған өнерді, ұмыт бола бастаған ән мен жырды халыққа тарту етті. Дәстүрлі музыка фестивалі Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлттық өнерді кеңінен насихаттау тапсырмасының жүзеге асырылуы болып табылады. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Тағы бір тоқтала кететін жайт, фестиваль шеңберінде жас өнерпаздарға ерекше қолдау көрсетілді. «Ұлы даланың көне сарыны» еліміздің барлық өңірін аралайды.

Ерлан Рысқали, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

– Бұл фестиваль Семей өңірінде Абайдың елінен тізгінін ағытқан болатын. Енді Жаяу Мұсаның, Естайдың еліне келіп жатырмыз. Әрі қарай Солтүстік Қазақстан, кейін Көкшетауда жалғасады. Ең соңғы түйіні шілдеде Жетісудың төрінде түйінделеді.

Хабар 24 телеарнасы