378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Димаш Құдайберген Испаниядағы бейнебаян түсірілімінен фотосуреттер жариялады

  • 532
  • UPD: 10:57, 14.02.2019
Димаш Құдайберген Испаниядағы бейнебаян түсірілімінен фотосуреттер жариялады inform.kz

Димаш Құдайберген Испаниядағы бейнебаянының түсірілімінен алынған фотосуреттерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әнші суреттерін Instagram парақшасында жариялады. «Қадірлі достар! «Любовь уставших лебедей» әнінің бейнебаяны түсірілімінен алынған бірнеше фотосуретті сіздермен бөліскім келді. Клиптің режиссері - Алан Бадоев. Өздеріңіз түсінген шығарсыздар, видео фэнтези стилінде түсірілді. Сіздерді жақсы көремін!» - деп жазды ол. Бұған дейін Димаш Құдайберген кезекті клипін түсіру үшін Испанияға аттанғанын хабарлаған едік. Еске сала кетейік, Димаш «Любовь уставших лебедей» әнін оның авторы, Ресейдің халық әртісі, композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «НТВ» телеарнасының «Центральное телевидение» бағдарламасында шырқаған болатын. Артынша, Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой бейнебаян түсіруді ойластырып жүргені белгілі болды. «Әрине, әнші үшін жақсы композиторлармен жұмыс жасау өте маңызды болып табылады. Осы орайда, менің мансабымда, шығармашылық өмірімде жақсы композиторлар кездесіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі уақытта біз Игорь Крутоймен жақсы музыкалық тандем болып жүрміз. Ол кісінің кәсіби тұрғыдағы біліктілігі, музыкадағы білімі туралы ұзақ әңгіме айтуға болады. Өйткені, ол Паворотти, Лара Фабиан, Дмитрий Хворостовский секілді әлемдік композиторлармен жұмыс жасаған білікті өнер иесі. Қазіргі таңда Крутойдың шығарған бірнеше туындылары менің репертуарыма еніп отыр», - деген болатын. 

Хабар 24 телеарнасы