389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық режиссер атақты «Berlinale talents» жобасының іріктеу кезеңінен өтті

  • 646
  • UPD: 13:38, 14.02.2019

Қазақстандық режиссер Жаннат Алшанова «Berlinale talents» жобасының іріктеу кезеңінен өтті.

Бұл – Берлиндегі әйгілі кинофестиваль аясындағы бағдарлама. Ұйымдастырушы комитет 130 елден 3 400 өтініш қабылдаған. Оның ішінде тек 250 адамның ғана өтініші іріктеуден өтті. Айта кетерлігі, Жанат Алшанова – аталған жобадағы Қазақстаннан ұсынылған жалғыз үміткер. Жас режиссер халықаралық жобаларға алғаш рет қатысып отырған жоқ. Былтыр оның «Маусым соңы» атты туындысы Канн фестиваліне қатысушылардың тізіміне ілікті. Жалпы «Berlinale talents» алаңы 16 жыл бұрын құрылған. Содан бері жас дарындарға арналған бағдарламаға 9 қазақстандық қатысты.

Жаннат Алшанова, режиссёр:

– Күн тәртібі таңғы сегізден, кешкі сегізге дейін жоспарланған. Шеберлік сабақтары, семинарлар мен дәрістерге қатысамыз. Менің ойымша, бұл – кино өндірісінің жетекші мамандарынан тәлім алып, түрлі идеямен бөлісуге арналған тамаша мүмкіндік. Қазір бірнеше жоба бойынша жұмыс істеп жатырмын. Бірақ мұнда келіп, өзгелермен ой бөліскеннен кейін, бағыт-бағдарым өзгеруі әбден мүмкін.

Флориан Вегхорн «Berlinale talents» жобасының жетекшісі:

– Іріктеу кезеңінде бәсеке жоғары болды. Тек 250 адам ғана таңдалып алынды. Ең алдымен қатысушының командада жұмыс істеу қабілеті мен режиссуралық стиліне қараймыз. Сондай-ақ өз білгенімен қаншалықты бөлісуге әзір екенін ескереміз. Қашан да Қазақстаннан өтінімдерді қабылдауға қуаныштымыз. «Berlinale Talents» тарихында Қазақстаннан 9 адам бағдарламаға қатысты. Биыл Жанатты қабылдағанымызға өте қуаныштымыз. Оның халықаралық тәжірибесі бар. Сондай-ақ бұл жерде тиімді байланыс орнатуға болады. Сондықтан қазақстандық дарындарды тануға қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы