378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда Ренат Елубаев көзді жұмып сурет салудың сырымен бөлісті

  • 261
  • UPD: 15:22, 15.02.2019
Оралда Ренат Елубаев көзді жұмып сурет салудың сырымен бөлісті

Оралда белгілі суретші Ренат Елубаев шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ренаттың бағындырған белестері баршылық. АҚШ, Беларусь пен Италия елдерінде өткен халықаралық деңгейдегі суретшілер байқауларында жүлделі орындарды еншіледі. Қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық Микеланджело сыйлығының иегері. Әлемнің көптеген елдерінде жеке көрмелерін өткізген. Режиссура және мүсін өнері саласында да өзіндік қолтаңбасы бар. Ренаттың өзгелерден ең басты ерекшелігі – ол көзін жауып тұрып сурет салу арқылы талайларды таңқалдырып келеді. Тіпті, шетелдік танымал шоуға қатысып, шеберлігін күллі әлемге дәлелдеді. Танымал талант иесін оралдықтар да жылы қарсы алды. Сәкен Ғұмаров атындағы музейде оның картиналары бір ай бойы жұртшылық назарына ұсынылмақ. Көпшілікті суретшінің көзбен көрмей-ақ қылқаламды қалай бағындыратыны қызықтырды.   

Ренат Елубаев, суретші:

- Ерекше тылсым, жай адамға аңыз болып көрінетін нәрсе, бұл негізі қазақтың жанында бар еді. Оны біз ұмытып қалдық. Мысалы, Кейкі батыр болған, ол қарамай тұрып нысанаға дәл тигізіп отырған. Оны қазір ойлайды аңыз деп. Ал бірақ ол аңыз емес.         

Мирболат Ерсаев,  облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:

- Ренат бауырымыз Қазақстан көлемінде, осы Ақжайық өлкесінде ең алғаш рет осы көзін жұмып бүкіл халықтың алдында суретін салған болатын. Шеберлік сағатында ол сурет өнеріне қалай келуге болады, сурет өнерін қалай үйренуге болады, соны көрсеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы