378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данэлия Тулешова The World's Вest екінші раундында жеңіске жетті

  • 352
  • UPD: 20:34, 21.02.2019
Данэлия Тулешова The World's Вest екінші раундында жеңіске жетті

Данэлия Тулешова мен Димаш Құдайберген The World's Best шоуының үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әнші қызымыз екінші турда жапондық скрипкашы Манами Итомен сайысқа түсіп, қарсыласын едәуір басымдықпен жеңіп шықты.

Төрешілер Данэлияның Деми Ловатоның «Stone Cold» әнін орындауына тәнті болып, 44 балл, сарапшылар 71 ұпай берді.

Ал еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайберген Эрик Карменнің All By Myself әнін шырқап, төрешілерді тағы бір таң қалдырды. Канадалық Селин Дион орындайтын әнді керемет әуелеткен Димаш италиялық қарсыласы Кристинадан оқ бойы озып, 94-39 ұпаймен жеңіске жетті. Айта кетейік, «The World's Best» – америкалық CBS телеарнасының шоуы. Мұнда әлемнің ең талантты деген адамдары өз өнерлерімен сайысқа түседі. Жобадағылар Димашты «алты октавалы адам», ал Данэлияны «ғажайып дауыс» деп айтуда.

Хабар 24 телеарнасы