378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ дәрігері еліміздің мәдени мұрасына қызығушылық танытты

  • 232
  • UPD: 09:15, 22.02.2019

Америкалық дәрігер Қазақстанның мәдени мұрасына тәнті болды. Медицина саласында әріптестік орнату бойынша екі рет елімізге келіп кеткен ол көптеген жаңа дүние ашқан.

Нью-Йорктегі томотерапия орталығының директоры, доктор Даниель Фасс Ұлы Дала елінің тарихы мен мәдениетіне ерекше қызыққан. Оның айтуынша, Қазақстан ірі саяси ойыншы және өзіндік мәдени дәстүрі бар мемлекет ретінде бүкіл әлемге танылған. Ал қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі елімізді әлем қауымдастығымен одан әрі жақындастыра түседі, өйткені басым көпшілігі жазудың осы жүйесін қолданып жүр.

Даниель Фасс, дәрігер:

- Қазақстанның бай мәдени мұрасы туралы білгеніме өте ризамын. Екі рет елдеріңізге барып қайттым. Қазақтың әдебиеті, музыкасы және поэзиясымен таныстым. Сондай-ақ қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуы мені қызықтырды. Бұл 21-ғасырда жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктерді игерудің керемет жолы.

Хабар 24 телеарнасы