378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасының мақаласы «Көкбөрі» атты жаңа фольклорлық туындының шығуына сеп болды

  • 442
Елбасының мақаласы «Көкбөрі» атты жаңа фольклорлық туындының шығуына сеп болды

«Ұлы даланың жеті қыры». Елбасының бұл мақаласы «Көкбөрі» атты жаңа фольклорлық туындының шығуына сеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның авторы – Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның 4 курс студенті Ерасыл Әділбеков. Жас күйшіге құлдықтан шығып Мысыр еліне билік құрған Сұлтан Бейбарыстың өмірі шабыт берген. Әлі сиясы кеппеген жаңа күйді Павлодардың музыкалық колледжінің «Өнеге» фольклорлық ансамблі Ішкі істер министрлігінің «Бақытты балалық шақты қорғаймыз» – атты акциясы шеңберінде орындады. Ерасыл Әділбековтың өзі өнерлі отбасында дүниеге келген. Бес жасынан бастап қолына домбыра алған дарынды жас болашағынан үлкен үміт күттіреді..

Ерасыл Әділбеков, жас композитор:

0001 02:05 Дешті Қыпшақтан шыққан, қарапайым құл болған бала Мысырдың сұлтаны болады. Мысырды басқарған. Соған мен тәнті болып арнаған едім. ++Қазақтың мына батырларын көкбөріге теңейді ғой жалпы. Сол теңестіру арқылы Сұлтан Бейбарыс кейпін көрсетуге тырыстым.

Рыскүл Сабекова, ұстазы:

– Үлкен баға беріп жатыр. Ерасылдың тек қана бұл шығармасы емес, басқа да шығармалары жақсы. Бұл фольклорлық ансамбльге арналған шығарма.

Хабар 24 телеарнасы