378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Оскар-2019» лауреаттары марапатталды

  • 260
  • UPD: 11:50, 25.02.2019
«Оскар-2019» лауреаттары марапатталды Politeka.net

2019 жылғы «Оскар» сыйлығының жеңімпаздары анықталды.

Америка киноөнер академиясы 91-ші рет берілетін жүлденің жеңімпаздарын 24 номинация бойынша алдын ала анықтады. Оларды номинацияға ұсынылмаған актерлер біртіндеп табыс етті. Марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтті. 2019 жылғы Оскардың жеңімпаздары кімдер?

Үздік киімдер дизайны – «Қара пантера» (Black Panther), Ruth E. Carter;

Үздік дыбыс монтажы – «Богемия рапсодиясы» (Bohemian Rhapsody);

Үздік дыбыспен жұмыс – «Богемия рапсодиясы» (Bohemian Rhapsody);

Үздік оператор жұмысы – «Рим» (Roma), оператор Альфонсо Куарон;

Үздік арнайы эффекттер – «Бірінші адам» (First Man);

Үздік қою-суретші жұмысы – «Қара пантера» (Black Panther), Ханна Бихлер;

Үздік режиссер – Альфонсо Куарон, «Рим» (Roma)

Үздік монтаж – «Богемия рапсодиясы» (Bohemian Rhapsody), монтаж Джон Оттман;

Үздік саундтрек – «Қара пантера» (Black Panther);

Үздік ән – Shallow ( «Жұлдыз туды» / A Star Is Born);

Үздік екінші пландағы актриса – Реджина Кинг;

Үздік актриса – Оливия Колман, «Фаворит» (The Favourite);

Үздік актер – Рами Малек, «Богемия рапсодиясы» (Bohemian Rhapsody);

Үздік қысқа метр (анимация) – «Bao», режиссері Domee Shi;

Үздік толық метр (анимация) – «Өрмекші-адам: Өрмекшілер әлемінде» (Spider-Man: Into the Spider-Verse), режиссерлері Питер Рэмзи, Боб Персичетти және Родни Ротман;

Үздік деректі фильм – «Еркін жалғыз» (Free Solo);

Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Кезең. Ұсыныстың соңы» (Period. End Of Sentence) режиссері Rayka Zehtabchi;

Шетел тіліндегі үздік фильм – «Рим» (Roma), Мексика;

Үздік бейімделген сценарий – «Қара нәсілді Ку-клукс-кландық» (BlacKkKlansman), авторы Спайк Ли, Чарли Вачтел және Кевин Уиллмотт;

Үздік қайталанбас сценарий – «Жасыл кітап» (Green Book), авторы Ник Валлелонга, Брайан Хэйес Карри, Питер Фаррелли;

Үздік фильм – «Жасыл кітап» (Green Book), авторлары Ник Валлелонга, Брайан Хэйес Карри, Питер Фаррелли.

Айта кеткен жөн, 91-ші рет өткізілген сыйлықтың марапаттау кеші жүргізушісіз өтті.

Хабар 24 телеарнасы