384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Алтын тақ» фильмінің тұсаукесері өтті

  • 2570
  • UPD: 23:56, 26.02.2019
Астанада «Алтын тақ» фильмінің тұсаукесері өтті

Астанада «Алтын тақ» фильмінің таныстырылымы өтті. Бұл «Қазақ хандығы» киносериалының жалғасы. 10 сериядан тұратын тарихи жобаның режиссері Рүстем Әбдірашев.

Сценарийін Смағұл Елубай жазған. Фильмде Қазақ хандығындағы ең бір күрделі кезең бейнеленеді. Оқиға желісі Жәнібек пен Керей хандардың Әбілқайыр Шайбани ұрпақтарымен Қазақ хандығының Сығанақтағы тағы үшін таласы төңірегінде өрбиді. Рүстем Әбдірашевтің айтуынша, «Қазақ хандығы» сериалының бірінші маусымы қазақстандықтардың тарихқа деген қызығушылығын оятып, оның жалғасын түсіру тілегін аңғартқан. Тарихи кино Алматы, Түркістан облыстарында түсірілген. «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі алдағы наурыз айында прокатқа шығады.

Хабар 24 телеарнасы