389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Жапон көктемі» музыкалық кеші өтті

  • 607
  • UPD: 13:12, 28.02.2019

Елордада жапон дәстүрлі музыкасының мэтрі, «Кото» шертпелі аспабының шебері Екінші Ёнэкава Тосиконың тегін концерті өтті. «Жапон көктемі» мен «Жапон күзі» фестивальдері аясында ұйымдастырылған мәдени шараға Жапонияның Қазақстандағы елшілігі мұрындық болды.

«Дегдар» гумнитарлық қоры мен JTI компаниясы дәстүрлі фестивальді 9 жыл бойы жылына екі рет Астана, Алматы, Бішкек пен Ташкент сынды ірі қалаларда өткізіп келеді. Жоба көрермендерді Күншығыс елінің дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстырып, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдері арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған. Дарынды музыкантқа халық әндеріне деген сүйіспеншілік Жапониядағы «Ұлт қазынасы» атаулы жоғары мәртебелі анасы Бірінші Ёнэкава Тосикодан дарыған. Бүгінде қызы концерттерімен әлемді аралап, жастармен тәжірибе бөлісіп келеді. Сондай-ақ ол сахнаға сямисэн ішекті аспапта ойнайтын шәкірті бірге шығады.

Ёнэкава Тосика II, жапондық «Кото» шертпелі музыкалық аспабының шебері:

- Мен қазақ жеріне алғаш рет табан тіреп тұрмын. Келгеніме қуаныштымын. Жапония мен Қазақстан арасында мәдени ұқсастықтар өте көп екенін білемін. Мәселен, кОто мен Жетіген музыкалық аспаптарын салыстырсақ жеткілікті. Көрермендер де осы үндестікті сезіну үшін келеді деген сенімдемін. Менің концертімнен кейін жапон ұлттық музыкасының тыңдармандары артады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы