378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ телевизиясының тарланына мүсін қойылды

  • 245
  • UPD: 15:42, 28.02.2019

«Телевизия саласының үздігі», «Ерең еңбегі үшін» медальдарының иегері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Совет Масғұтов көзі тірі болғада бүгін 80 жасқа толар еді. Осыған орай Алматыда Совет Масғұтұлына мүсін қойылып, ол туралы жазылған кітап көпшілікке таныстырылды.

Мүсіннің ашылу салтанатына Совет Масғұтұлының көз-көрген әріптестері мен достары, отбасы жиналды. Бюст авторы- Мәлік Жүнісбаев. Бар-жоғы 39 жыл ғұмыр кешкен телевизия тарланының «Мың да бір рахмет», «Пай-пай жиырма бес», «Алтыбақан» сынды ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бағдарламалары көрермендер есінде. 1967 жылы Таллинде өткен семинарда Совет Масғұтов «КСРО үздік телекомментаторы» атанып, Мәскеудегі Орталық телевидениеге қызметке шақырылған алғашқы қазақ тілшісі. Сондай-ақ оның  «Тележурналистикаға кіріспе» және «Көгілдір экран-өмір айнасы» сынды ғылыми еңбектері әлі  күнге дейін жас журналисттердің көмекші құралы.

Нұртілеу Иманғалиұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Мен Совет ағаның алғашқы шәкірттерінің бірімін.Сонда біз өзін өзі қалай ұстайды, экрандағы сөз, экран мәдениеті, экрандағы тыныс алу мәдениетін алғашқы бізге үйреткен, дәріс берген Совет ағаны ұмыту мүмкін емес

Құсман Игісінов, ардагер журналист, мәдениет қайраткері:

- Теледидарға не керек оның түр-түсі, өңі керек. Содан соң дауысының ырғағы керек. Ол кісіде соның барлығы бар болатын. Мынау әдемі бір мақпал дауысы болатын. Мынау көрерменді  алғаш бастағанда, сөйлей бастағанда өзіне еріксіз тартып алатын. Ал сонан соң бұл кісі өте көп оқыды, көп білді.

Хабар 24 телеарнасы