378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда зағип жандарға арналған көрме ашылды

  • 234
  • UPD: 07:19, 02.03.2019
Петропавлда зағип жандарға арналған көрме ашылды

Петропавл қаласында алғаш рет зағип жандарға арналған «Атамекен» атты көрме ашылды.

«Ұлы дала жауһарлары» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған шараға Әбілхан Қастеев, Жаңатай Шәрденов, Әубәкір Ысмайылов секілді еліміздің белгілі суретшілері салған 14 туынды қойылған. Ал жергілікті оқушылар қағаздан олардың барельеф көшірмесін жасап, ел назарына ұсынды. Көзі нашар көретін адамдар картина үлгілерін бірінші рет қолмен сезініп, авторлардың қайталанбас шығармаларына тәнті болды.

Данил Щербинин, бейнелеу өнері мектебінің оқушысы:

- Міне, суреттегі алыс таулар мен жақын таулар. Мына жерде ағаштар бейнеленген. Бұл көшірмені мен 3 айдай істедім. Өйткені оны көзі нашар көретін жандар үшін дәлме-дәл түсіру керек.

Хабар 24 телеарнасы