378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда бірнеше тарихи кезеңді қамтыған көрме ұйымдастырылды

  • 264
  • UPD: 09:14, 02.03.2019
Қарағандыда бірнеше тарихи кезеңді қамтыған көрме ұйымдастырылды

Мұнда қойылған экспозициялардың қатарында тарихи өлкетану мұражайының қоры мен саяси репрессияның құрбандары музейінен әкелінген жәдігерлер бар.

Сонымен қатар келушілер Қазақстанға жер аударылған ұлттардың тарихын зерделеген зерттеушілердің ғылыми жұмыстарымен танысты. Қызығушылық танытқандар киіз басып, арнайы шеберлік сабағына қатысты. Аяқсыз қалған суретті жалғастыру шарасы да қала тұрғындарының көңілінен шықты. «Сарыарқа – бірлік пен достықтың алтын ордасы» деп аталған картинаны этномәдени бірлестіктердің  жас өкілдері бір атаның баласындай бірлесе салып шықты. Сондай-ақ көрмеге келушілер Ғалым Жайлыбаевтың поэмасы бойынша қойылған  «Қара орамал» спектаклін тамашалады.

Анастасия Бережнова, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жастарды үйлестіру кеңесінің мүшесі:

- Осындай күнде барлық ұлттар жиналып, бірге қатысып жатқаны үлкен бақыт. Өзім өзге ұлттардың тарапынан осындай күннің бар екеніне шексіз алғысымды білдіргім келеді және де қазақ халқы әрбір халықты кезінде қиын заманда өзінің бауырына алған, сол үшін қазақ халқына мың да бір алғысымды білдіргім келеді.

Хабар 24 телеарнасы