378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ташкентте көне туындыларды насихаттайтын өнер фестивалі өтті

  • 237
  • UPD: 23:25, 02.03.2019

Ташкентте «Shashmaqom» өнер фестивалі өтті.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жыр думанына көне туындыларды насихаттап жүрген 60-қа жуық әнші мен күйші қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар әр түрлі сарындағы әуендерді алты мақамға салып орындады. Дәстүрлі орындаушылар тыңдарманға алты күн бойына бағзы заманнан бастау алатын тарихи-фольклорлық ұлттық өнердің асыл жауһарларын паш етпек.

Өзбекстанда мақамның негізгі үш өнер мектебі қалыптасқан. Олар Бұқара, Хорезм және Ферғана-Ташкент мақамы. Ғасырлардан келе жатқан ұлттық өнер «Бузрук», «Рост», «Наво», «Дугох», «Сегох» және «Ирок» сынды алты түрге бөлінеді.

Жалпы Орталық Азия елдерінің өзіне тан ән орындау мақамы бар. Ертеректе пайда болған музыка ырғағы классикалық жанрға көбірек ұқсас келеді. Бұл өнердің тағы бір ерекшелігі таза жанды дауыста орындалады. Яғни дыбыс шығарғыш қандай да бір құрал пайдаланылмайды.

Хусниддин Ато, шараны ұйымдастырушы:

- Өзбекстанда негізінен үш бірдей мақом мектебі қалыптасқан. Бұл Бұқара шашмоқамы, Хорезм алты бөлікті мақамы және Ферғана-Ташкент мақамы. Оның ішінде Бұқара шашмоқамы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген. Демек бұл әлемдік музыкалардың сапында.

Кеш қонақтары мақамның алты бөлігін толықтай тыңдап шығуға мүмкіндік алды. Оның ішінде «Самарқанд Садолары» ұлттық аспаптар оркестірінің өнері ерекше болды.

Хабар 24 телеарнасы