375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасы Халықаралық әйелдер күніне арналған бағдарламаларды ұсынады

  • 337
  • UPD: 22:48, 07.03.2019

«Хабар» арнасы әйелдер күніне арналған мерекелік бағдарламалар дайындады. Ертең отандық телеарнада эстрада жұлдыздарының шығармашылық кештері, ұлы тұлғалар жөніндегі деректі фильмдер мен қазақстандық көркем фильмдер көрсетіледі. 

Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Тамар Асар, Төреғали Төреәлі секілді елдің сүйікті әншілерінің қатысуымен өтетін тамаша концерттер «Хабар» арнасындағы мерекенің шымылдығын ашады. Наурыздың 8-і күні Жігіттер квартетінің, Әли Оқапов пен Нұрболат Абдулиннің шығармашылық кештерін де тамашалай аласыздар. Үш күндік демалыста отандық және шетелдік фильмдер де көрермен назарына ұсынылады.

Наурыздың 10-ы күндізгі сағат 12:00-де «Қарақатпен шәй» атты Қарақат Әбілдинаның сұхбатының тұсауы кесіледі. Әлеуметтік желі арқылы танымал тұлғаларға сіз де сұрақ қоя аласыз. Шәй барысындағы сұхбатта айтылмаған сыр, ашылмаған құпия қалмайды.

Қарақат Әбілдина, әнші, тележүргізуші:

- Ең алғашқы қонағымыз қазақтың әнін әлемге паш етіп жүрген біздің алтын ұлымыз Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат мырза мен Света ханым қонақта болады. Біраз шәй ішіп отырып, әңгімелестік, сұқбаттастық. Сол тамаша сұқбатты тамашалайтын боласыздар.

«Хабардың» эфирінен мерекелік бағдарламаларды да көруге болады. Есімі елге қадірлі қазақ қыздарының құрметіне арнап, телеарна арнайы деректі фильмдер дайындап отыр. Солардың ішінде

Қазақ КСР-нің халық әртісі, танымал актриса Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған тележоба бар.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

- Әмина апамыздың ана руалы балладасы бар, Мама роза және Тақиялы періште сияқты көптеген фильмдерінде ол қазақ әйелінің, қазақ анасының эталон образын сомдаған. Дәл сол фильмдеріне қарап,қазақ әйелінің болмыс бітімін тануға болады. Сондықтан біз осыған орай мереке күніне арнайы жоспарлаған болатынбыз.

Сонымен бірге «Хабар» арнасы поэзия әлемінің падишасы Фариза Оңғарсынова жайлы деректі фильмді ұсынады.

Авторлары: Ж.Біркенов, М.Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы