378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мереке күні «Ел арнадан» «Гүлмін» фильмін тамашалаңыздар

  • 361
  • UPD: 14:18, 08.03.2019

Халықаралық әйелдер күніне орай «Ел арна» ұжымы «Гүлмін» атты қысқаметражды фильмін көрермен назарына ұсынады.

Әлемнің әдемілігін көрсетуді мақсат тұтқан туындының сценарийін Мөлдір Мырзақасымова жазған. Ал режиссері – Батырбек Тайжанов. Фильм махаббат тақырыбына арналады. Туындыда 8 наурыз күні гүл сататын бір дүкенде түйіскен бірнеше тағдырды бейнелейді. Басты рөлдегі Еңлікті танымал әнші Мөлдір Әуелбекова сомдаған. Ол – гүл сатушы. Бос уақытында театрға барып, жас актерге ғашық болады. Алайда жігіттің көңілі басқада. Екі жастың тағдыры немен аяқталғанын бүгін кешкі сағат алтыда «Ел арнадан» көре аласыз.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

- Маған жақыны – биязы мінезі шығар. Биязылығы, ұялшақтығы қатты ұқсайды. Сол себепті қатты қиындық туып жатқан жоқ. Бірден ұнады. Өйткені мінезі өзіме жақын. Сыпайылығы жақын. Сол себепті бірден келістім.

Хабар 24 телеарнасы