389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Жүзінен шуақ шашқан асыл жандар» көрмесі ашылды

  • 862
  • UPD: 15:34, 08.03.2019

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде «Жүзінен шуақ шашқан асыл жандар» атты көрме ашылды.

Әйел бейнесі – суретшілерді шабыттандыратын тақырып. Музей қорынан жинақталған көрмеге қазақстандық белгілі суретшілердің 50-ден астам туындысы қойылған. Олардың қатарында суретші әйелдердің де еңбектері бар. Қазақстан бейнелеу өнеріне 40-жылдары келген алдыңғы буын өкілдер мен жас суретшілер өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленсе де, әйел тақырыбы бәріне тән ортақ. 

Ирина Школьная, көрме жетекшісі:

- Әйел – ана, әйел – құрбы, әйел – өнер өкілі. Өмірдің әр саласындағы нәзікжандылар бейнеленген картиналардан ішкі жылылықты, терең лирикалық құрылымды сезінуге болады.

Көрмеге қойылған ертеректегі туындылар – ХХ ғасырдың басындағы суретшілердің картиналары. Олардың еңбектері дәйектілігімен, боямасыз табиғилығымен құнды. Суретшілердің кенептеріндегі әйел бейнесі бірде тым лирикалық, нәзік болса, кейде жігерлі, қайсар тұлғаны аңғартады. 

Ирина Школьная, көрме жетекшісі:

- Әйел бейнесі тек портрет қана емес. Ол – адам өмірінің жинтығы. Онда мінез бар, тағдыр бар. Мұндай көркем дүниені өмірге әкелген суретшінің шеберлігіне таң қалмасқа шараң жоқ.

Мұнда түрлі буын, әртүрлі суретшілер, әртүрлі туындылар. Ортақ дүние біреу – әйел бейнесі. Махаббат пен сұлулықты, қыз-келіншектерге ғана тән нәзіктікті паш еткен сурет көрмесі 26 наурызға дейін жалғасады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Қанат Қаматаев

Хабар 24 телеарнасы