378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі көрермендерге мерекелік бағдарлама ұсынды

  • 362
  • UPD: 22:00, 08.03.2019

Биыл құрылғанына 85 жыл толған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі көктем мерекесіне орай көрермендерге «Миллион, миллион раушан гүл» атты жаңа концерттік бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекелік концерт Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйімен басталды. Кешке жиналған көрермен қазақтың біртуар сазгерлері Нұрғиса Тілендиевтің, Шәмші Қалдаяқовтың, Әсет Бейсеуовтің жарқын туындыларын тамашалады. Сондай-ақ оркестрдің сүйемелдеуіндегі Мариям Жагорқызының «Дударайы», Тұрдықылыш Ізтайдың «Нурикамалы» қыз-келіншектердің көңілін бір серпілтіп тастады.

Абылай Тілепбергенов, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері:

– Мерекелік шарамыз көктемнің ең алғашқы күндері бүкіл дүние жүзіне шуақ сыйлайтын аналарымыздың, қыздарымыздың, аруларымыздың мерекесіне тарту етіп жатырмыз. Мерекеге орай әлемдік хиттердің шығармаларын әндерімен, көбінесе махаббат тақырыбына арналған әндерді тарту еттік.

Концертте әлемдік жауһар туындылар да орындалды. Классикалық әуендер ерекше аспаптардың үнімен көмкерілді.

Батыржан  Мықтыбаев, Құрманғазы оркестрінің артисі:

– Леонард Бернстайнның «Мамбо» атты шығармасы әлемдік оркестрде ойналып жүрген шығарма, Карл Дженкинстің «Палладиосы», Джеймс Ласттың «Одинокий пастух» шығармасы Канаданың аспабында ойналды. Лерой Андерсеннің «Печатная машинка» шығармасын Әділ ойнап шықты.

Мерекелік кеш аясында нәзік жандарға арнайы гүл көрмесі ұйымдастырылды.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы