389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ә.Қастеев атындағы музейде «Жолбарыс каллиграфиясы. Шығармашылық кезеңдер» көрмесі ашылды

  • 950
  • UPD: 10:01, 09.03.2019

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде  белгілі суретші  Әбдікәрім Исаның 70-жылдық мерейтойына орайластырылған «Жолбарыс  каллиграфиясы. Шығармашылық кезеңдер» атты жеке көрмесі ашылды. Экпозицияға  суретшінің  әр түрлі жылдардағы  60-тан аса  кескіндемелік туындылары  қойылған.

«Жолбарыс каллиграфиясы. Шығармашылық кезеңдер»  көрмесінің ашылу салтанатына Әбдікәрім Исаның  өнердегі және өмірдегі достары жиналды. Көрмеге келгендер, суретшінің сурет өнеріндегі тың ерекшеліктері жайын сөз қылды.  Әбдікәрім Иса еліміздегі «жолбарыс каллиграфиясының» негізін қалаушы авторлардың бірі.  Оның туындылары Ресей, Түркия, Италия елдеріндегі бірнеше халықаралық көрмеге қойылса, 2005 жылы Францияда өткен халықаралық көрмеде оның «жолбарыс тақырыбындағы» триптихы  алтын медальді жеңіп иеленген. .

Әбдікәрім Иса, суретші:

- Жолбарысты мен іздеген жоқпын, жолбарыс мені өзі тапты. Түсіме кірді. Жолбарыс дегеніміз ол күш, ол алға басатын үміт адамның, жолбарыс қайраткер.

«Жолбарыстың денесіндегі жолақтар, адам өміріндегі жолдарды айғақтайды» деген суретші, соңғы кездері денсаулығына байланысты абстракция әлеміне бет бұрып жүр екен. Экспозицияда осы тақырыптағы кескіндемелік туындылар көп болды.

Азат Әкімбек, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері:

- ешқандай суретшіге ұқсамайды Әбдукәрім. Ешкімге ұқсамайды.  Неге десеңіз, өзінің тапқан жолы, өзінің тапқан стилі, Әбдукәрім мың суретшіні көрмеге қоятын болсаңыз, Әбдукәрім ерекше. Пикассоға бір сұрақ қойған, дана суретшіге, мына суретті маған түсіндіріп бер деп. Мен бұл суретті түсіндіріп беретін болсам, мен суретші емес деп. Ал енді Әбдікәрімге келетін болсақ, сол бұның  ерекшелігі. Ал Әбдукәрімнің ішкі дүниесін түсіну үшін көрмеге келу керек.

Кемелдене келе «Жолбарыс каллиграфиясынан» абстракция кезеңіне өткен суретшінің әрбір туындысы, келушіні өз әлеміне жетелей кетті-дейді, көрмеге келгендер.

Авторлары: Алуа Маханбет, Нұрдәулет Жақсыбай

Хабар 24 телеарнасы