378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасы мерекеге орай «Жаңа күн» атты бейнеклип ұсынады

  • 255
  • UPD: 23:42, 12.03.2019

«Хабар» арнасы алдағы мереке күндері көрерменге бірнеше тарту жасамақ, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жылдағы дәстүр бойынша әртүрлі концерттер мен қызықты бағдарламалар дайындалып жатыр. Бұған қоса «Жаңа күн» атты бейнеклиптің түсірілімі басталды. Оның ерекшелігі, Ұлыстың ұлы күні жаңа сипатта көрсетіледі.

«Жаңа күн» атты бейнеклиптің негізі 7 санында. Яғни жоба авторлары 7 түрлі музыка ағымын таңдап, оны бір арнаға тоғыстырған. Ал бейнесюжетінде әр кезеңнің ерекшелігін жаңаша көзқараспен жеткізуге тырысады.

Тимур Дулатов, режиссер:

- Бұл жолы дәстүрлі дүниелерден алыстап, заманауи үлгіде бейнеклип жасауды жөн көрдік. Мұнда Романтизм, Барокко және Ренессанс сияқты әр дәуірдің ерекшеліктерін өзіміздің ұлттық мерекемізбен байланыстырамыз. Туынды осынысымен  көпшілікке қызық болады деп ойлаймын.

Осындай қызықты да күрделі сюжет арқылы жоба авторлары: «қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен қонақжайлық қасиетін насихаттағымыз келеді», – дейді. Түсірілім жұмыстарына  отандық эстрада жұлдыздары мен «Хабар» Агенттігінің жүргізушілері қатысады. 

Динара Сұлтан, әнші:

- Өте сондай ерекше ән. Оның ішінде опера да бар, дәстүрлі әншілеріміз де бар. Мені заманауи бағытта айтады деп шақырды. Әр әртіс өзінің үлесін қосып жатыр. Өзінің бір стилін қосып жатыр.

Шамамен 4 минутқа созылатын «Жаңа күн» бейнеклипі 14 наурыз күні «Хабар» арнасында көрсетіледі. 

 

Авторлары: Аслан Қаженов, Бекболат Базаров

Хабар 24 телеарнасы