388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Диснейдің тағы бес фильмі қазақ тіліне аударылды

  • 816
  • UPD: 22:10, 13.03.2019

Әлемге әйгілі Дисней компаниясының 5 анимациялық фильмі қазақ тіліне аударылды.

«Дамбо», «Аладдин», «Ойыншықтар хикаясы», «Арыстан патша» және «Мұзды өлке» мультфильмдерін кішкентай көрермендер жыл соңына дейін көре алады. Олардың алғашқысы еліміздің кинотеатраларында 28 наурыздан бастап көрсетіле бастайды. Бұл анимациялық фильмдердің дубляжын жасағандар арасында Нұрлан Әлімжанов, Дәурен Серғазин сияқты танымал актерлер  бар. 

Дәурен Серғазин, актер:

- Қазақ тілін соларға икемдеу, шетелдің иіріміне, шетелдің сөзіне, оның үстіне оған қазақи мағына тауып, екіп түсіріп, ортасын табу өте қиын жұмыс. Кейде аударма кезінде актерлардан сұрайды: «мына жері ыңғайлы ма, тағы қандай балама сөз қоссақ болады?»-деп. Сондықтан бұл екі бірігіп істелетін жұмыс.

Хабар 24 телеарнасы